"Қазақстан стандарттау және метрология институты" РМК-ның Бас директоры тағайындалды
Ол бұған дейін аталған институттың орынбасары қызметін атқарған.
Еркежан Әмірханова 1994 жылы Ломоносов атындағы ММУ-ді, 2002 жылы Қарағанды "Болашақ" өзекті білім беру институтын, ал 2017 жылы "Стандарттау, сертификаттау және метрология" мамандығы бойынша Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірді.
Оқытушылық қызметте, ұлттық компаниялардың ведомстволық бағынысты және еншілес ұйымдарының заң және кадр бөлімшелерінде, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ-да басшылық лауазымда, стандарттау жүйесінде 2008 жылдан бастап жұмыс тәжірибесі бар.
"Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК-да Әмірханова соңғы 15 жыл бойы ҒЗЖ, СМЖ және оқыту, техникалық нормалау, жіктеу және ҒЗЖ басқармаларының бастығы, ТБТ/СФС шаралар жөніндегі ақпарат орталығының директоры, Стандарттарды талдау және жүйелеу департаментінің басшысы, Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығының басшысы, Бас директордың орынбасары, Бас директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен (2018 ж.) – мемлекеттік наградасымен, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (ТМД МАК) құрмет белгісімен марапатталған, "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген стандарттаушысы" атағының иегері, сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының бірқатар құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған, "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеуге белсенді қатысты.
Ұжымға жаңа басшыны таныстыра отырып, "Жүйедегі басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі, мінсіз беделі, көзқарасы және нақты салаларда үзіліссіз еңбек атқаруы – осының бәрін жинақтай келе, әрі гендерлік теңгерімді де ескере отырып, біз үшін маңызды таңдау жасалды", - деп атап өтті ҚР СИМ ТРМК төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Ссонымен қатар жаңа басшылықтың алдына сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түрлеріне қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау туралы ескертіп, саланы дамыту жөніндегі міндеттер қойды.