"Бензиннен "жеген". Алматыда "Газпромнефть-Қазақстан" ЖШС-ға айыппұл салынды

Бензин, бұзушылық, Алматыда, Газпромнефть-Қазақстан ЖШС, айыппұл , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2025 16:27 Сурет: pixabay
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде "Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы" ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Техникалық реттеу туралы" ҚР Заңының және метрология саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтауға қатысты болды.

"Сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылау барысында №1 ЖЖҚ арқылы АИ-95-К4 маркалы автомобиль бензинін жіберу кезінде жол берілетін қателіктен асатын ауытқу анықталды. 20 литр бензинді құю барысында  100 мл -ге аз толтырылған. Бұл стандарттарды бұзу болып табылады", делінген ведомство хабарламасында.

Жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) "Газпромнефть-Қазақстан операциялық компания" ЖШС №132 ЖЖҚС-ға жіберуді бақылау белгіленген тәртіппен сенім білдірілген және 2025 жылғы 24 сәуірге дейін қолданыста болған М2р-20 металл эталондық өлшеуішті пайдалана отырып жүзеге асырылды.

ҚР Энергетика министрінің  бұйрығы және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен  белгіленген мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесіне сәйкес жанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің көлемін өлшеудің шекті рұқсат етілген қателігі ±4% құрайды.

№132 жанар-жағармай құю станциясында жанар-жағармай құю станцияларын қабылдау, сақтау және босату кезінде әртүрлі өлшеу құралдары, соның ішінде деңгей өлшегіштер, эталондық металл өлшегіш, метростоктар және ТРК қолданылады. Алайда, өлшеу құралдарының бір бірлігін – №1 ЖЖҚ -тексеру кезінде ауытқу рұқсат етілген қателіктерден асып түсетіні анықталды, бұл жабдық қолдануға жарамсыз деп танылды. 


"Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының бұзылуы анықталды. "Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы" ЖШС заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасынан мемлекеттік реттеу алынып тасталғаны мәлім

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: