Жаңалықтар тізбегі
0

Үлбі өзенін ластағаны үшін ірі ЖШС-ға 50 миллион теңге айыппұл салынды

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша "Казцинк" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2024 10:35 Сурет: gov.kz
2024 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластануына байланысты "Казцинк" ЖШС-нің Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті атап өткендей, жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті.


"Сондай-ақ, тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды", - деп жазылған ресми ақпаратта.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша "Казцинк" ЖШС-не 50 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

2023 жылдың 20 желтоқсанында Атырау облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін екі ірі жер қойнауын пайдаланушыға 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынғаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: