Жаңалықтар тізбегі
0

Қуаныш Елікбаев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қуаныш Елікбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 10:15 Сурет: primeminister.kz
Қуаныш Елікбаев Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Қуаныш Нұрланұлы Елікбаев ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Қуаныш Елікбаев 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Қазақ-Британ техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын, Ресей халықтар достығы университетін тәмамдаған.

  • Еңбек жолын 2005 жылы бағдарламашы-жүйе әкімшісі болып бастаған.

  • 2006-2007 жылдары жеке меншік компанияларда жұмыс істеді.

  • 2009-2012 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да («Мұнай және газ ақпараттық-сараптамалық орталығы») жетекші маман, бас сарапшы, басқарма бастығы, Техникалық реттеу департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

  • 2012-2014 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияда (Мәскеу қ.) техникалық регламенттерді әзірлеу бөлімінің консультанты, Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің әдіснама бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

  • 2015-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаменті бас сарапшының м.а., бас сарапшы, ЕурАзЭҚ және Кеден одағының жұмыс істеу мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

  • 2016 жылы ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

  • 2017-2021 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияда (Мәскеу қ.) ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті директорының орынбасары.

  • 2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұрын осы қызметте болған Арман Дәулетұлы Әбенов берілген өтінішіне сәйкес қызметтен босатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: