Жаңалықтар тізбегі
0

Арман Шаққалиев ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі болып тағайындалды

basnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 21:56 basnews.kz
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі қызметіне тағайындалғанға дейін ол Инвестициялар және сауда министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 6 қарашадағы шешімімен Арман Шаққалиев Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алқа мүшесі (министрі) болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

ЕЭК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оның құзыретіне монополияға қарсы реттеу және Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік мәселелері кіреді.

Арман Шаққалиев бұл қызметте Серік Жұманғариннің орнын басты. Ал Жұманғарин ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып кетті.

ЕЭК-тің жаңа министрі Қазақстанның мемлекеттік органдарында басшылық жұмысында айтарлықтай тәжірибеге ие. Осы жылдары Арман Шаққалиев ҚР Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде басшылық қызметтерде болды. 2008-2016 жылдары - Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының директоры, 2016 - 2018 жылдары ЕЭК техникалық реттеу және аккредиттеу бөлімін басқарды. ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі қызметіне тағайындалғанға дейін ол Инвестициялар және сауда министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: