Ержан Қазанбаев Сауда комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2022 12:36 Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ержан Қазақбаев 1983 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

Алматы технологиялық университетін, Абердин университетін бітірген. 

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-да комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық саясат басқармасы сарапшысының м. а., сарапшысы.

2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау басқармасының басшысы.

2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты басқармасының басшысы.

2013-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.

2016-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры.

2020 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: