Айдос Сәкенов ҚР Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
Айдос Сәкенов 1987 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Лидс университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің пайдалану басқармасы сарапшысының м. а. болып бастады.
2009-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.
2014-2016 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы.
2016-2018 жылдары — Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы.
2018-2020 жылдары — Павлодар облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары.
2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.