Із-түзсіз жоғалып кеткен "Мисс Қызылорда" табылды
Литер
Ол еш ескертусіз Тараз қаласына кетіп қалған болып шықты.
Із-түзсіз жоғалып кетті деген "Қазақстан аруы - 2019" және "Қызылорда аруы - 2017" сұлулық байқауларының финалисі Гүлнұр Нұртазина 28 сәуірде таңертең аман-есен табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Кеше кешкісін Алатау аудандық полиция бөлімінде жоғалып кеткен бойжеткеннің құрбысы арыз түсірген.
Кейін анықталғандай, қыз бір күн бұрын ешкімге ескертпестен Тараз қаласына кетіп қалған. Ол байланысқа шықты. Аман-есен және басына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript