Із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімді ақмолалық полицейлер тапты
Сурет: Ақмола облысы полиция департаменті
1 маусым күні облыс орталығының тұрғыны Көкшетау полициясына 15 жастағы ұлының үйден шығып кетіп, оралмағанын айтып, көмек сұрады. Туыстарымен ұрыс-керіс, жанжал болмаған, деп Zakon.kz.
Полицейлер жасөспірімнің Солтүстік Қазақстан облысына таксимен кеткенін анықтады. Тәртіп сақшылары жүргізушіге хабарласып, кәмелетке толмаған баланың жауапкершілігін ескертті. Жүргізушінің айтуынша, Петропавлда жасөспірім білдітрпей көзден таса болған.
Кәмелетке толмаған баланың Петропавлда бірнеше күн болғаны белгілі болды. Бөтен қалада азық-түлік сатып алу үшін ол ұялы телефонын сатып жіберген. Жасөспірім қамыс арасына түнеп шыққан.
Жігіт кету себебін түсіндіре алмады. Ол ата-анасынсыз қыдыруға деген құштарлыққа бой алдырғанын мәлімдеді.
Қазір жасөспірім отбасына тапсырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript