Ақмолалық полицейлер орманда адасып кеткен ер адамды тапты
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ер адам жылқыларын іздеп үйден шығып, орманда адасып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 сәуірде сағат 21:20 Зеренді полиция бөлімінің “102” пультіне Зеренді ауылының 60 жастағы тұрғыны қоңырау шалып, көмек сұрады. Оны іздеуге Зеренді аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы бағыт алды.
Кейін анықталғандай, 5 сәуірде ауыл тұрғыны мал ауласын тазалауға кірісіп, жылқыларды далаға шығарады. Қораны тазалап біткен соң зеренділік жылқыларын таппай, іздеуге шығады. Алайда ол малын таппай, ну орманда адасып кетеді. Ер адам орманда түнеуге мәжбүр болды. Осы уақыт ішінде Нұрлан Моряковичті 50-ден астам адам іздеді: полиция қызметкерлері, оның ішінде қызметтік-іздестіру иттері бар екі кинолог, құтқарушылар, қорықшылар, ер адамның туыстары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де бар. Түнде іздеу тоқтаған жоқ, делінген хабарламада.
Ер адамның телефоны байланыс аясынан тыс жерде болғаны, сондықтан онымен хабарласу мүмкін болмағаны нақтыланады. Тек келесі күні, 6 сәуірде сағат 11:00 шамасында Зеренді ауылынан 5 шақырым радиустағы орман алқаптарының бірінен ер адам табылды.
Ауыл тұрғыны қашып кеткен жылқыларды тапқан. Ал түнде ол от тұтатып, жылынған. Қазір ақмолалықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript