Семейде полицейлер орманда адасып кеткен зейнеткерді тауып, үйіне жеткізді
Сурет: Zakon.kz
Семейде полиция қызметкерлері орманда адасып кеткен 61 жастағы әйелді іздеп тауып, аман-есен үйіне жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зейнеткер 2025 жылы 22 қыркүйекте Бейбітшілік аралындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып, қажетті бағытынан жаңылған. Ол көмек сұрап, "102" арнасына қоңырау шалған.
"Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция батальонының экипажы шықты. Қызметкерлер бірнеше топқа бөлініп, аумақты тінте бастады. Іздеу барысында орман алқабының маңында жүрген зейнеткерді тәртіп сақшысы байқап қалып, оны алып шықты. Осылайша, полицейлер зейнеткерді аман-есен үйіне жеткізді", делінген хабарламада.
Тұрғынға медициналық көмек қажет болмағаны да нақтыланады.
Бұған дейін Қызылордада полиция қызметкерлері есінен танып қалған баланы құтқарғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript