Түркістан облысында полицейлер жоғалған жасөспірімді талдың түбінен тапты

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2024 16:29 Сурет: Zakon.kz
Түнгі уақытта Отырар аудандық полиция бөліміне 15 жастағы ұлының үйіне оралмағанын айтып хабарласқан тұрғын полицейлерден көмек сұрады.

Әкесінің айтуынша, оның ұлы кешкі сағат 17:00 шамасында достарымен шығып кетіп, күн қарайғанша келмеген. Жақындары полицияға хабарламай, бірнеше сағат өздері іздеді.

Оқиға кәмелет жасына толмаған баланың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, учаскелік инспекторлар шұғыл іске кірісті. Жеткіншектің баруы мүмкін жерлер, жақын аумақтар мұқият тексерілді.

Бір сағатқа созылған жедел жүргізілген-іздестіру жұмыстары нәтижесінде жоғалған жасөспірім үйінен 15 шақырым қашықтықта талдың түбінен табылды.

Полицейлердің анықтауы бойынша 9-сынып оқушысы ата-анасына айтпастан достарымен қыдырған.

Кеш болып кеткендіктен үйіне барса, ата-анасынан сөз естимін деп ойлап, талдың түбінде ұйықтаған. Жасөспірім бала мен ата-анасына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: