Түркістан облысында полицейлер 15 күн бұрын жоғалған жылқыларды бір тәулікте тауып берді
Сурет: ҚР ІІМ
Келес аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны хабарласып, 15 күн бұрын жоғалған жылқыларын табуға көмек сұраған.
Оның айтуынша, үйінің маңындағы егістік алқапта жайылып жүрген 4 тайы жоғалып кеткен. Хабарлама түскен бойда учаскелік полиция инспекторлары мал иесімен бірге іздестіру жұмыстарын бастап кетті.
Тәртіп сақшылары ауыл маңындағы жайылымдармен егістік алқаптарды аралап қарап шықты.
Жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында жоғалған тайлар 4 шақырым қашықтықта орналасқан Келес өзенінің жағалауында жүрген жерінен анықталды.
Осылайша полиция қызметкерлері жоғалған малды аман-есен тауып, иесіне табыстады. Тұрғын тәртіп сақшыларының жедел әрекетіне ризашылығын білдіріп, шынайы алғысын айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript