Алматы облысында ер адам әйелін тапсырыспен өлтіртіп, қасында қарап тұрған
Алматы облысында баласының көзінше өлтірілген әйелдің ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл оқиға былтыр күзде болған. Кішкентай қызының көз алдында анасы Светлана аяусыз өлтірілді. Күйеуінің ата-анасына жеткізуі бойынша, кешке олар бір жасар қызын ертіп, Магнумға (Қапшағай тас жолының бойындағы) азық-түлік алуға барады. Қайтар жолда күйеуінің кіші дәретке барғысы келіп, тас жолдан төменге қалқалау жерге қарай түседі. Ал ол кері оралғанда жол бойында әйелінің қан-қан болып жатқанын көреді. Ол өзінің әйелінің өліміне еш қатысы жоқтығын айтты. Алайда, Светлананың туыстары бар гәп қызының күйеуінде екендігіне сенімді сенімді болды, өйткені отбасында бұған дейін кикілжің болған, ер адам ажырасып, қызын алып кетемін деп жүрген. Полиция екі күдіктіні ұстады, олардың бірі - өлтірілген әйелдің күйеуі.
Белгілі болғандай, 27 сәуірде Қарасай ауданындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы екі ер адамға үкім жарияланды.
Марқұмның 38 жастағы күйеуі Е. 18 жылға бас бостандығынан айырылды. "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Смайылова айтқандай, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5,7,8-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өткізетін болды.
1986 жылғы екінші сотталушы М. да сол бап бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оларға марқұмның отбасына 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелді.
Құрылыс компаниясының қызметкері Е. ажырасып, қызын өз бетінше тәрбиелеу мақсатымен әйелінен құтылу туралы шешім қабылдайды, оны ақшасын төлеп, өзгенің көмегімен жүзеге асыруды жөн көреді. Ол жалайтын кісіні ұзақ уақыт бойы таңдап жүріп қалады. Алдымен ол бұл ұсынысты өзінің танысына айтады, бірақ ол оның сөзіне мән бермейді және одан бас тартады. Содан кейін ол Алакөлде құтқарушы болып жұмыс істейін М.-ға тоқталып, оған 2 млн теңге сыйақы ұсынады, - дейді істің мән-жайына егжей-тегжейлі тоқталған Смайылова.
Ол бұл арада екі әрекет жасалғанын жазады. Бірінші рет - 2020 жылдың 10 қарашасында. Бірақ соңғы минутта қылмыскер райынан қайтқан. Оның себебін былай түсіндірді: "Көп адам жиналып кетті әрі Е өзінің әйелі мен баласын алып, жоспарланған орыннан тез кетіп қалды". 12 қарашада Е. алдын ала төлем ретінде М.-ға 100 000 теңге аударады.
13 қарашада әйелімен және баласымен Қапшағай тас жолы бойымен келе жатып, ол қысылып тұрғанын айтып, көліктен түсіп 150 метрдегі қалқаға кетіп қалады. Осы кезде М. келіп, көлік есігін ашып, аллдында бір жасар қызы бар Светлананың басынан ұрады. Осыдан кейін ол кеңсе пышағын әйелге 30-дан астам рет сілтейді, оның үшеуі мойнына тиіп, соның салдарынан Светлана оқиға орнында көз жұмады. Есі шыққан әйел қызына тиіспеуді сұрап, одан жалбарынады. Пышақ жарақатынан бөлек, әйелдің мұрны сынған және бас мен бетінде көгерген жер көп, яғни қылмыскер оны оңды-солды аямай ұра берген. Осы кезде Е. оралып, көліктің артқы жағындағы жердегі қызын қолына алып, жағдайды ары қарай сырттай бақылап тұрған. Алынған жарақаттардан Светлана сол жерде қайтыс болды, М. қылмыс орнынан қашып кетті, бірақ өтіп бара жатқан адамдар не болып жатқанын байқап, полиция шақырған! - деді Смайлова.
Оның айтуынша, прокурор қос қаскөйдің әрқайсысына 20 жыл сұраған, бірақ сот қатты ауыр жаза тағайындамады.
Светлананың туыстары сот үкіміне наразы.
М.-ның өзі осындай қайғылы оқиғаны балалық шақта бастан кешіргені, әкесінің анасын өлтіріп, түрмеге түскені, ал өзі балалар үйінде өскені, бірақ сонымен бірге бір жасар қызды жетім қалдырғаны бізді қатты таң қалдырды! Бұл туралы сот отырысында сотталушы Е. айтып берді, ол бұл ыңғайлы жағдай деп есептеген, яғни М.-ның туыстары жоқ екенін, - дейді Смайылова.