2025 жылы Қазақстан халқы 20 миллионнан асады - Елбасы

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2021 21:44 zakon.kz
Мен 2025 жылға қарай 20 миллион болуымыз керек деп мақсат қойдым. Керісінше, бұл көрсеткіштен асып түсеміз деп ойлаймын - Нұрсұлтан Назарбаев.

2025 жылға қарай қазақстандықтардың саны 20 миллионнан асады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА сессиясында айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

1993 жылы біздің ортақ шаңырағымыз - Кеңес Одағы құлаған кезде адамдар не істеу керектігін, өздерін қалай ұстау керектігін білмей, абдырап қалды. Осында өзге республикалардан келгендердің кейбіреулері қалып, кейбірі кеткісі келді. Біз ол жағына араласқан жоқпыз, бәріне еркіндік бердік. Қазақстаннан 3 миллионға жуық адам кетті. Содан да халық саны 14 миллионға дейін төмендеді. Қазір біз 19 миллион адамға жақындадық. Мен 2025 жылға қарай 20 миллион болуымыз керек деп мақсат қойдым. Керісінше, бұл көрсеткіштен асып түсеміз деп ойлаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстан астанасында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы өтіп жатыр. Оған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ еліміздің астанасы мен облыстарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: