Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2021 14:59 primeminister.kz
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің символына айналды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Қымбатты отандастар, баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің, мейірімділіктің, сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының ортақ тарихи мұрасының символына айналды. Біз барлық кезде береке-бірліктің арқасында кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе алдық. Қазақстандықтардың қастерлі құндылықтары – ауызбіршілік, толеранттылық пен өзара түсіністік алдағы уақытта да біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасын одан әрі дамытуда мызғымас тірегіміз болып қала береді деп сенемін. Қазақстандағы татулық пен келісім үшін, сондай-ақ Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айтамын! Барлық қазақстандықтарға, әр отбасына зор денсаулық және амандық тілеймін, делінген Премьер-Министр Асқар Маминнің құттықтау сөзінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: