Қорғаныс министрлігі сарбаздардың тамақтануына қатысты түсініктеме берді

24.kz 24.kz
Әрбір жағдай талқыланып, тиісті талаптар қойылуда.

Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың тамақтануына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, әзірленген тағамның сапасына көңілі толмаған әскерилер оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған еді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай 2019 жылы Луговой гарнизонына қарайтын әскери бөлімдердің бірінде болған. Сол жылы тиісті жұмыстар жүргізіліп, тамақтану мәселесі шешілген. "Дегенмен, сарбаздарға арналған ас-судың сапасына қатысты келеңсіз оқиғалар әлі тіркеліп тұрады", - деді ведомство өкілдері.

Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі:

- ҚР Қарулы күштерінде әскери қызметшілерді тамақтандыру конкурсты аутсорсинг арқылы жеңіп алған ұйымдармен жүзеге асырылады. Бөлімдердің басшылығы тамақтандырудың толықтылығы мен оның сапасын бақылауда ұстайды. Өкінішке орай кейбір сапасыз қызмет көрсету жағдайлары орын алуда. Әрбір жағдай талқыланып, тиісті талаптар қойылуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз