Министр бүгінгі теледидардағы сабақтың екі рет үзілуіне қатысты түсініктеме берді
pravotnosheniya.info
Бұл мәселеге байланысты тиісті мамандармен хабарласып, өзара келістік - министр.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов теледидардағы бүгінгі сабақтың ортасынан үзіліп кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Хабар-24".
"Бүгін "Еларнадағы" сабақтың Төтенше жағдайлар комитетінің коронавирус туралы ролигі қосылуының салдарынан екі рет үзілгенін білеміз. Бұл мәселеге байланысты тиісті мамандармен хабарласып, өзара келістік. Ендігәрі мұндай жағдай қайталанбайды", деп сендірді министр арнайы брифингте.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript