Қалада жағдай тұрақсыз - елорданың бас санитарлық дәрігері
Елордада күн сайын коронавирус инфекциясының 300-ден 600-ге дейін жағдайы тіркеледі, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтандағы Ковид-19 ауруының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз болып қала беруде. 1,5 ай бойына қала "қызыл" аймақта болып келеді, күніне 300-ден 600-ге дейін Ковид-19 жағдайы тіркелуде, - деді Сарқыт Бейсенова.
Оның айтуынша, жылдың басынан бері қалада тіркелген науқастар саны 26 мыңнан асты, пандемия басталғаннан бері 44 562 жағдай тіркелген, оның 15 224-і - белгісі білінбейтін ковид науқастар.
Соңғы алты күнде қаладағы 100 мың тұрғынға шаққандағы апта бойына науқасқа шалдығушылық 320-дан 285-ке дейін аздап төмендегені байқалды. Мәселен, бір апта ішінде 3 371 жағдай тіркелді, аурушаңдық деңгейі алдыңғы аптаға қарағанда 11% төмен, ал алдыңғы аптада 23 808 жағдай тіркелген еді, - деп толықтырды бас санитарлық дәрігер.
Өткен тәулікте 584 бірінші рет жұқтыру жағдайы тіркелді, оның ішінде 462-сінің белгілері бар, 122-сі - белгісі білінбейтін науқастар.
Қазіргі уақытта қалада 2 553 белсенді эпидемиялық ошақ бар, оның 1 724-і тұрғын үйлерде, 829-ы ұйымдарда орналасқан. Дәрігерлік бақылауы бойынша мұнда 5 572 байланысқа түсуші адам бар.
Аурулардың өсімі барлық жас топтарына тән, әсіресе жасөспірімдер мен ересек тұрғындарда екі еседен астамға байқалады. Бұрынғыдай, сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі ересектер арасында тіркелді, олар жалпы сырқаттанушылықтың - 79,7%, балалар - 17,4% және жасөспірімдер 2,9% құрайды. Ересектер арасындағы 30-39 жас тобындағылар - 28,9%, 18-29 жас аралығындағы тобындағылар 20,5% құрайды, - деді Бейсенова.