Каспий итбалығының құтқарылған төлі теңізге жіберілді

29 Сәуір 2021, 14:33
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

28 сәуірде Құлалы аралында Каспий теңізіне Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген "Pusa caspica" итбалығының төлі шығарылды, ол наурыз айының соңында ауыр халде табылған болатын, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауқарсыз әрі әлсіз итбалық төлін 2021 жылғы 29 наурызда Баутино кентінде жергілікті тұрғындар тауып алған еді. Куәгерлердің айтуынша, ол сол жерде екі күн болған. Оның салмағы 4 кг-дан сәл артық болатын (қалыпты жағдайда 10-12 кг).

Құтқару жұмыстарын Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мамандары Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жағалау күзеті дивизионымен бірлесіп "Қалқан" шекара катерінде жүргізді.

Жануарды толық қалпына келтіру Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығында (КИЗОО) өтті, онда барлық қажетті ветеринариялық және оңалту іс-шаралары жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде "Бекіре" операциясы шеңберінде тек бір тәулік ішінде шекарашылар браконьер ауынан 6 итбалық пен көп мөлшердегі бекіре тұқымдас балықты табиғи мекендеу ортасына шығарды.

Браконьерлер итбалықты қара базарда сату үшін ұстайды. (100 гр. майы 5000 теңге тұрады).


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?