Теңге девальвациясы кезінде мемге айналған күлегеш ағай өмірден озды

29 Сәуір 2021, 14:41
Сурет: gazeta.ru

Өз күлкісімен әлемге танымал болған испан әзілкеші Хуан Борха 66 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

РБК-нің хабарлауынша, ол Севильяда Вирген-дель-Росио ауруханасына жүрек-қан тамырлары ауруымен түсіп, қайтыс болды.

Борхоның танымал видеосы Интернетте 2007 жылы пайда болды.

Онда испандық теңіз жағалауындағы мейрамханадағы жұмысы туралы айтады. Оның айтуынша, алғашқы жұмыс күндерінің бірінде әріптесі табаларды жумай, теңіз жағасына қалдыруға кеңес берген. Сөйтсе табаларды құм өзі шайып, жуады-мыс. Оған сенген ол таңертең жиырмаға жуық табадан айырылғанын біледі. Өйткені тамақ қуыруға арналған табаларды теңіз су шайып кеткен, бұған ашуланған мейрамхана иесі Борханы табаларды жинап әкелу үшін теңізге жібереді. Ал ол болса, осы оқиғадан кейін жұмысына қайтып оралмайды. Осы видеодағы рөлі үшін ол Күлегеш деген лақап атқа ие болған, - дейді басылым.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?