«Экспресс К» газетінің бас редакторы өмірден озды
ҚазАқпарат
Танымал тілші бүгін ауруханада көз жұмған, қазасының себебі айтылған жоқ.
"Экспресс-К" газетінің бас редакторы Тимур Неталиев бүгін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бұл рас. Бір апта ауырып жатты. Жұмысқа келмей жүрді, бүгін ауруханада қайтыс болғанын естідік. Нақты не болғанын білмейміз. Оған дейін үйінде де ауырған. Жай суық тиіп қалған ғой деп ойлағанбыз. Бәлкім, өзі де білмей, бір дертке шалдыққан болар", — деді аты-жөнін жарияламауды сұраған газет редакциясының қызметкері.
Тимур Неталиев 2009 жылдан бері «Экспресс К» газетінің бас редакторы қызметін атқарған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript