Тоқаев шетелдіктерден туристік алым алуды қарастыратын заңға қол қойды

30 Сәуір 2021, 17:39
Сурет: 24.kz

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл заң жобасы Сенатпен екі оқылымда қабылданды және оған сәйкес мемлекет басым туристік аумақтарда объектілер салатын бизнесмендерге инвестициялық преференциялар беретін болады, бұл “туристік дамудың ерекше әлеуеті бар және республикалық туристификациялау картасы объектілерінің тізбесіне енгізілген орын”ретінде айқындалады.

Оған сәйкес, қолданысқа шетелдік туристерден туристік алым жүйесі енгізіледі.

"Әлемдік тәжірибені ескере отырып, ішкі және сыртқы туристік нарықта аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көзін табу мақсатында шетелдік туристерге туристік алым енгізу әрі осы алым бойынша операторларды анықтау жоспарланып отыр. Туристік алым мөлшерлемесін мәслихат, ал төлеу тәртібін үкімет бекітеді", – деді Сенатта ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?