Қазақстаннан ең көп ақша Түркияға кетеді

ibirzha.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2021 20:34 ibirzha.kz
Одан кейін Ресей, оған 44,6 млрд теңге жіберілді.

2021 жылдың І тоқсанында Қазақстаннан 191 млрд теңге аударылды. LS редакциясы қай елдерге ең көп ақша жібергені туралы инфографика дайындады.

Ұлттық банктің мәліметінше, осы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстаннан 190,9 млрд теңге ақша аударылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,4%-ға немесе 62,3 млрд теңгеге артық.

Ең көп ақша Түркияға жіберілді – 46,2 млрд теңге. Сонымен бірге, бұл елге ақша аударымдарының көлемі күрт өсті – 99,1%.

Одан кейін Ресей, оған 44,6 млрд теңге (-1,1%), Қырғызстан – 35,5 млрд теңге және Өзбекстан – 34,8 млрд теңге жіберді. Ал Қытайға барлығы 5,7 млрд теңге аударылды. Сонымен қатар, Қазақстаннан Арменияға 2021 жылдың І тоқсанында 2020 жылдың І тоқсанына қарағанда 200%-ға көп ақша – 4,2 млрд теңге жіберілді.

Әзірбайжан өз кезегінде 3,7 млрд теңге алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 9%-ға жоғары.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: