Шетелдік нөмірлі автокөліктерді тіркеуден бюджетке қанша табыс түседі?
fakty.com.ua
Одан орташа есеппен Қазақстан бюджетіне 300 млрд теңге табыс түседі.
Шетелдік нөмірлі автокөлік иелерінің барлығы заң талаптарын орындап, Қазақстанда мүлкін тіркеген жағдайда бюджетке қанша ақша түседі? Мұны Қазақстандағы EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев есептеп шықты, деп хабарлайды zakon.kz автордың Telegram-дағы FINANCEkaz арнасына сілтеме жасап.
"Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізге 170 мыңнан астам осындай автомобиль әкелінген. Мәселен, үш жаса және одан үлкен көліктің құны 3000 доллар, ал қозғалтқышының қуаты 1,6 литр деп алатын болсақ, Қазақстанда тіркеудің барлық қосымша төлемдері 2,3 миллион теңгені құрайды. Қымбат автомобильдер үшін, әрине одан жоғары. Мысалы, егер автокөліктің құны 10 000 доллар болса, ал қозғалтқыштың көлемі 2,5 литр болса, онда тіркеу үшін алынатын қосымша ақы 2,8 миллион теңгені құрайды. Осылайша, егер біз 170 000 автомобильдің барлығы бірдей тіркеуден өтпейтінін ескерсек (мысалы, оң рулді көліктер тіркелмейді) және орташа құны 5000 доллар тұратын автомобиль үшін шамамен 2,6 млн теңге алынады, сонда елімізге әкелінген осындай көліктердің 70%, яғни 120 мыңы тіркеуден өтсе, онда орташа есеппен Қазақстан бюджетіне 300 млрд теңге табыс түседі", деп жазды Андрей Чеботарев.
Сонымен бірге, сарапшы мұндай машинаны сатып алғанда оны қайта тіркеуден өткізу керектігін біле тұрып, оған сангалы барғандықтан, қазіргі талап етілген заң нормасын қолдайтынын да айта кетіпті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript