Жаңалықтар тізбегі
0

Өткен жылы қанша шенеунік парамен ұсталды

torange.biz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2019 21:10 torange.biz
Мемлекетке келтірілген 21 млрд теңге залалдың 89% өндірілді - төраға.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев 2018 жылы қанша шенеуніктің парамен ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, өткен жылы 135 мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды.

"Олардың басым бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүргізбеген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық процесті ізгілендіру жүргізілуде. Қылмыс жасады деген күдікке ілінген және қамауға алынған азаматардың саны 2 есеге азайды. Сондай-ақ бас бостандығынан айырудың орнына кепілдікпен босату және үй қамаққа алу шарасы 2 есе жиі қолданылатын болды", - деді төраға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылды қорытындылауға арналған отырысында.

Осы орайда ол былтыр 1290 тұлға сыбайлас жемқорлықпен ұсталғанын атап өтті.

"Оның ішінде республикалық деңгейде – 25, облыстық деңгейде – 91, қалалық және аудандық деңгейлердегі – 142 басшылар. 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметінің жолы кесілді, жүйелік сыбайлас жемқорлықтың 87 фактісі анықталып, олар бойынша 288 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке келтірілген 21 млрд теңге залалдың 89% өндірілді", - деді Алик Шпекбаев.

Оның пікірінше, Ұлттық бюро мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әдістері ғана сараң және екіжүзді шенеуніктердің заңсыз баюына тойтарыс береді екен.

Айта кетейік, Осыған дейін сарапшы Рахим Ошақбаев Түркістан полициясы 422 млн теңге кресло сатып алғысы келетінін,

Астана әкімі Бақыл Сұлтановтың қала шетіндегі уақытша баспаналар (времянка) мәселесін қалай шешкісі келетінін жазғанбыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: