Қазақстандықтар БЖЗҚ-да қанша қаражат жинады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2018 17:40 ҚазАқпарат
2018 жылғы 1 маусымда 3 011,3 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-мамырда 236,4 млрд теңгеге ұлғайды.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2018 жылғы қаңтар-мамырда 481,2 млрд теңгеге (6,2%) ұлғайып, 2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 8 261,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылғы 1 маусымда 3 011,3 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-мамырда 236,4 млрд теңгеге ұлғайды, - делінген хабарламада.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2018 жылғы 1 маусымда 9,7 млн шотты құрады.

Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2018 жылғы қаңтар-мамырда 91,9 млрд теңгені құрады.

БЖЗҚ-тың жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін 2018 жылғы 1 маусымда бұрынғыдай, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 46,0%-ын және 26,3%-ын) құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: