Алматы облысында жүк көлігі жолаушылары бар жеңіл көлікті мыжып жіберді

zakon.kz zakon.kz
Toyota Camry жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, ал жүргізушісі ауыр халде жақын ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысында жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Апат Панфилов пен Еңбекші ауылдары арасындағы Құлжа тас жолы бойында орын алған. Howo жүк көлігі қалаға қарай, ал Toyota Camry облысқа қарай қарама-қарсы бағытта келе жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік қарсы жолаққа шығып, жүк көлігінің тура алдына келіп айналып тоқтаған. Жүк көлігінің жүргізушісі қатты сасып, қандай да бір әрекет жасап үлгермей, Тойотаның артқы жағынан іліп, оны бірнеше ондаған метрге алға сүйреп тастады.

Toyota Camry жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, ал жүргізушісі ауыр халде жақын ауруханаға жеткізілді.

Полиция апат орнында жұмыс істеп, барлық мән-жайларын анықтап жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Toyota Camry-де қысқы дөңгелектер болғандығы айтылады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-05/1620119798_11.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-05/1620119896_12.jpghttps://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-05/1620119894_13.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз