Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты

5 Мамыр 2021, 09:12
Сурет: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 14-інші, осы жарыстың 11-ракеткасы, канадалық Денис Шаповаловпен шеберлік байқасты.

Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, онда А.Бублик жеңіске жеткен екен, дейді Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Бірінші партияда А.Бублик басымдылық танытты – 6:4. Екінші сетте канадалық спортшы есе қайырды – 7:5. Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте Бублик брейк жасай алды. Матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Тартысты бәсеке 2 сағат 20 минутқа созылды. А.Бублик жүлде қоры 2,6 млн еуродан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, аргентиналық Диего Шварцман немесе рейтингте 27-сатыда тұрған ресейлік Аслан Карацевтің біреуімен таласады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?