Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастық бағыттарын белгіледі

5 Мамыр 2021, 10:54
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Анкарада биылғы жылдың жоспарына қол қойылып, Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастықтың бағыттары белгіленді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспарға қол қоюға екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы өткізілген штабтық келісімдер ықпал етті. Қазақстан тарапын Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов басқарды.

Аталмыш құжат өңірлік қауіпсіздік мәселелері, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлау, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу аясындағы 17 іс-шараны қамтыды.Тәжірибе алмасу кезінде барлау және соққы беруші ұшқышсыз ұшу құрылғыларын қолдану тактикасы көзделген.

Келіссөздер аясында сондай-ақ, әскери білім мен ғылым ауқымындағы өзара іс-қимыл, 2022-2023 оқу жылында әскери қызметшілерді оқыту жоспары келісілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?