Қазақстан мен Канаданың әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Әскери ынтымақтастық, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 22:51 Сурет: gov.kz
Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин Канаданың Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы Әскери атташесінің орынбасары 2-дәрежелі капитан Рональд Готьемен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықтың даму көкжиегін, тілдік даярлық, бітімгершілік бөлімшелердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру мәселелерін талқылады, делінген құзырлы ведомства хабарламасында.

Қазақстан мен Канаданың әскери ынтымақтастығы бітімгершілік қызметке негізделген. Осы тұрғыда БҰҰ-ның бітімгершілік бастамаларын ілгерілетудегі Канаданың рөлін атап өткен жөн.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: