Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастықты нығайтады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сенат депутаттары Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялауды мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Шартқа 2020 жылғы 16 қазанда 1994 жылғы 28 наурыздағы екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартының орнына қол қойылды.
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мемлекетаралық келісімнің мақсаты 1994 жылғы келісімнің ережелері ескіргендіктен, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту екенін атап өтті.
Шартты ратификациялау мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскерді қолдануды бірлесіп жоспарлауға, қауіпсіздікке төнетін сын-қатерге бірлесіп әрекет етуге, халықаралық ұйым, мәдениет, спорт саласындағы және басқа да бағыттағы әскери ынтымақтастыққа мүмкіндік береді.ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Ресей Федерациясы Қазақстанның стратегиялық әрі Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі әріптесі екенін атап өтті.
Шартты ратификациялау екі мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту, қазіргі заманғы сын-қатерге қарсы тұру бойынша үйлесімді әрекет ету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге қосымша серпін береді. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript