Жаңалықтар тізбегі
0

Кореядағы жұмыс. Жұртты 3 млн теңгеге алдаған түркістандық алаяқ ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2021 18:43 polisia.kz
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарды 3 миллион теңгеге тақырға отырғызған алаяқты ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы Корея еліне жұмысқа тұрғызып беретінін айтып, ол үшін тұрғыннан 1,5 миллион теңге қаражат алған. Алайда, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша өндіріске алынды.

"Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды анықтап басқармаға жеткізді. Күдікті азаматтың жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны және оның басқа да алты алаяқтық жайтына қатысы бар екені белгілі болды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгені құрады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Ұсталған ер азаматтың бас шарасы қамауда", делінген хабарламада.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: