Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 21:37 Фото: unsplash
Өскемен қаласында 37 жастағы ер адам тоғыз қабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz басылымының мәліметінше, Серікбаев көшесі бойындағы тұрғын үйдің шатырында өзін оғаш ұстаған ер адам байқалған. Куәгерлер оның секіру мүмкін екенін аңғарып, бірден полицияға қоңырау шалған. Оқиға орнына жедел түрде жеткен мамандар қайғылы жағдайдың алдын алды.

"Жедел әрекеттер мен келіссөздердің нәтижесінде полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды. Іске Азат Баймәдиев, Ринат Зубаиров және СОБР қызметкерлері қатысып, ер адамды шатырдан аман-есен түсірді", – делінген ақпаратта.

Ер адам шатырдан түсірілгеннен кейін медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылған. Қазіргі уақытта оқиға бойынша "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда арыққа құлаған ер адамның қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: