Атырауда 19 жастағы жігіт көп қабатты үйдің шатырынан секірмек болды

Атырауда 19 жастағы жігіт көп қабатты үйдің шатырынан секірмек болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 11:46 Сурет: pixabay
Атырауда полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның алдын алды. Олар көп қабатты үйдің төбесінен секірмек болған 19 жастағы жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ ақпаратынша, полицияға жігіттің қарындасы жүгінді. Ол ағасының өзін-өзі өлтіруге ниетті екенін айтып, көмек сұраған. Оқиға Алмагүл шағын ауданында болды.

"Полиция қызметкерлері жағдайды тез арада бағдарлап, 19 жастағы жігітті шатырдан түсуге көндірді, осылайша қайғылы жағдайдың алдын алды",-делінген ведомствоның ресми ақпаратында.

Жас жігітті жедел-тергеу тобына тапсырды. Факт бойынша тексеру жүріп жатыр.

Бұған дейін балаларының түнгі жүрісі үшін 150 шымкенттік жауапқа тартылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: