Ақтаулық полицейлер көп қабатты үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды
Сурет: Zakon.kz
22 мамыр күні Ақтауда полицейлер биік үйдің төбесінен секірмек болған 17 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
27-шағын аудандағы оқиға орнына полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамуратов пен Руслан Жұмабаев жедел шақырту бойынша жеткен.
Дереу шатырға шыққан полицейлер қыздың секіруіне жол бермей, құтқарып қалды.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырған.
Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторға тапсырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript