Қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді. Алдағы үш күннің ауа-райы болжамы
Pixabay
Батыс антициклонының Қазақстан аумағына енуіне байланысты ауа температурасының төмендеуі мүмкін деп болжанады.
Синоптиктер Қазақстандағы 6 - 8 мамыр аралығындағы ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы пайда болады. Жауын-шашын түсіп, оңтүстік-шығыста қатты жауын жауады деп күтіледі, найзағай жарқылдап, жел күшейеді, бұршақ аралас жаңбыр жаууы да ықтимал, - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Батыс антициклонының Қазақстан аумағына енуіне байланысты ауа температурасының төмендеуі мүмкін деп болжанады, еліміздің солтүстік жартысында түнде -3 градусқа дейін аяздайды, үсік жүреді, күндіз 15-20 градус жылы болады.
Республикамыздың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, күндізгі температура 20-25 градусқа дейін сәл төмендейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript