Жаңалықтар тізбегі
0

"Не молчи" қоры басшысының туысқан інісі топтық қыз зорлау күдігіне ілінді

24tv.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2021 22:40 24tv.ua
Тергеу материалдарында бір топ жастың алдын-ала сөз байласу арқылы дене күшін қолданып, екі азаматты зорлағандығы айтылады.

"Не молчи" қоры басшысы Дина Смайылованың немере інісі топтық қыз зорлау қылымысы бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс тергеліп жатыр.

1989 жылы туылған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігінде (Зорлау), 121-бабының 2-бөлігінде (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 378-баптың 1-бөлігінде (Мемлекеттік қызметкерді қорлау) көзделген қылмыстар бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, делінген хабарламада.

Тергеу материалдарында бір топ жастың алдын-ала сөз байласу арқылы дене күшін қолданып, екі азаматты зорлағандығы айтылады.

Күдіктіге қатысты соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу кезеңінде "үй қамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тиісті сараптамалық зерттеулер мен тергеу шаралары жүргізілуде, деп толықтырды полициядағылар.

Өз кезегінде Смайылова бұл жағдайға былай түсініктеме берді.

Мен бір рет қана бұл жағдайға пікір білдіремін әрі сіздерден бұл тақырыпты қаузап, қоздырмауды сұраймын, дұрыс және адекватты адамдар мұны түсінеді деп ойлаймын, қалғандарына сөз шығын. Зорлық-зомбылық құрбандарын, соның ішінде зорлау құрбандарын қорғайтын ұйымның президенті ретінде мен заң алдында барлығы бірдей деп білемін! Бұл жағдайға қандай-да бір түрде түсініктеме беруге, оған араласуға, зерттеуге және тергеу барысы туралы хабарлауға менің моральдық-этикалық құқығым жоқ деп санаймын. Бәрін сот шешсін! - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Жәбірленушілер тарапынан қорға шағым түспеген.

Бұл менің туысыма қатысты іс, сондықтан кез-келген жағдайда мен онымен айналыса алмаймын. Сот және тергеуші бар, Рустам Абдрахманов тергеудің толыққандылығын қамтамасыз етеді және қос тараптың құқықтарының бұзылуына жол бермейді деп сенемін, - деп сөзін аяқтайды Смайылова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: