Қонаевта болған атыс. Кісі өлтіргені үшін алты адам сотталды

Сот үкімі, Қонаев, атыс, Алматы облысы, кісі өлімі, алты адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 17:49 Сурет: pexels
2025 жылғы 25 сәуірде Алматы облысының Қылмыстық істер жөніндегі соты алдын ала сөз байласу арқылы топ адамның қасақана кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу бабымен айыпталған алты сотталушыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Сотта 2024 жылғы маусымда Қонаев қаласындағы "Алекс" демалыс орнында екі сотталушы мен жәбірленуші "М" арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқаны анықталды.

"Жәбірленуші басым түсіп, осыдан кейін сотталушыларда оны өлтіру ниеті пайда болған. Олар қылмыстық ойларын жүзеге асыру үшін сырттан тағы төрт адамды тартқан. Сол кеште Қонаев көшесіндегі ХҚКО маңында олар жәбірленуші М-ға бірнеше рет оқ атқан, кейін ол ауруханаға барар жолда көз жұмды. Оның досы Б. жарақат алып, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалды".Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сот барлық сотталушыларды кінәлі деп таныды. Екі сотталушыға 19 жыл, ал қалған төрт сотталушыға қатысты 17 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


"Сотталушы “Б” ҚК-нің 422-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға және 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушылардың бұрын сотты болмағанын және кәмелетке толмаған балалары барын жеңілдететін мән-жай ретінде, ал атыс қаруын қолдануын ауырлататын мән-жай ретінде ескерді", делінген сот хабарламасында.

2024 жылы 27 маусымда Қонаевта болған атыс кезінде 21 жасар жігіт қаза тапты.  

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: