Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: Отан қорғаушылар күні - ерлік пен отансүйгіштіктің символы

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2021 18:38 ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Нұрлан Нығматулин қай дәуірде, қай заманда болмасын Отанды қорғау қасиетті борыш екенін алға тартты.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин барша қазақстандықтарды ерлік пен батырлықтың және отансүйгіштіктің символына айналған Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Cоғыс ардагерлерін, Қазақстан әскері қатарында қызмет атқарып жүрген азаматтардыелімізде ерекше құрметпен аталып өтетін7 мамыр мерекесімен құттықтаймын. Бүкіл Қазақстанның, әрбір отбасының, әрбір адамның қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау жолында күндіз-түні аянбай еңбек еткен ардагерлерге алғыс білдіре отырып, әскери бөлімшелерде лайықты қызмет атқарып жүрген ержүрек те жігерлі сарбаздарға абыройлы, табысты қызмет тілеймін, - деді Мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулин қай дәуірде, қай заманда болмасын Отанды қорғау қасиетті борыш екенін алға тартып, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған жылдардан бастап, әрдайым еліміздің қарулы күштеріне ерекше назар аударып, оның нығаюы мен дамуына мән беретінін айтты.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин осы жолда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Елбасының әскери салаға деген оң бағытын жалғастырып, Қазақстанның қарулы күштері әрқашанда тәуелсіздіктің, қоғамдағы татулық пен келісімнің мызғымас тірегі болатынына сенім білдіргеніне тоқталды.

Мәжіліс төрағасы барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт және амандық тіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: