Тоқаев ШҚО-дағы өрт кезінде зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды

11 Мамыр 2021, 09:13
Сурет: ШҚО ТЖД

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Адамдарды баспанамен қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр.

10 мамырда Шығыс Қазақстан облысында орман өртке оранды. Риддер қаласы маңындағы өртте Лесхоз елді-мекенінің бірнеше үйі жанып кетті. Зардап шеккендер мен құрбандар бар. Өртті сөндіру ісі жалғастырылуда.

Қазіргі уақытта, нақтыланған мәліметтер бойынша, 35 үй мен 9 қора-қопсы өртеніп кетті. Даниал Ахметовтың айтуынша, баспана мәселесін толығымен шешу үшін 2,5 айдай уақыт қажет.

Тұрғындармен кездесу барысында жұмыс жоспарына тоқталып, барлық жағдайды бүкпесіз баяндап бердім. Риддерде салынып бітпеген бірнеше көпқабатты үйлер бар, оларды біз сатып алып, құрылысын аяқтауды межеге алып отырмыз. Бұл баспаналар кірпіштен жасалған, бүгін кездесуден кейін біреуінің жағдайын жеке өзім барып көрдім. Таңертең құрылыс компанияларымен бірге қалған үйлерді бағалап шығамыз. - дейді облыс әкімі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?