Тоқаев жолдардың сапасын жақсартуды тапсырды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 17:41 Ақорда
Берік Уәли Президенттің алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайтынын да жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі", деп жазды ол.

Сондай-ақ ол Президенттің алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайтынын да жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: