Алматы облысында парапланмен ұшқан адамдар апатқа ұшырады

11 Мамыр 2021, 12:21
Сурет: Pixabay

Алматы облысында парапланмен ұшқан адамдарды жел айдап кетіп, оқыс жағдай орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Параплан электр желісіне ілініп, содан кейін апатқа ұшырады.

Шамалғанда дельтаплан электр желілерін үзіп кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, дельтапланмен ұшқан екі адамды жел айдап кетіп, басқаруға көнбей қойған. Салдарынан параплан жоғары жылдамдықпен электр желілеріне келіп соғылып, оны үзіп кетті. Бір адам ауыр халде жатыр, делінген видео сипаттамасында.

Алматы облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр екенін хабарлады.

9 мамырда парапланнан құлаған екі адам Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді. 1971 жылғы науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Диагноз: түрлі зақымдар, жабық краниоцеребральды жарақат, мидың контузиясы, көптеген сүйектің сынуы. 2004 жылғы науқас травматология бөліміне түсті. Орташа ауырлық дәрежесі. Диагноз: түрлі зақымдар, жабық краниоцеребральды жарақат, мидың шайқалуы, омыртқаның жабық сынығы, деп хабарлады құзырлы ведомства.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наш Иссык - Пятый регион (@nash_issyk)


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?