Жаңалықтар тізбегі
0

Көмірге талас. Алматы облысында бір әйел экскаватордың ковышына мініп алды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2021 22:46 pixabay.com
Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматы облысында Сарыөзек ауылының тұрғындарының бірі көмір тапшылығы жанына батқаны сонша жүк тиегіш-экскаватордың ковышына мініп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Сарыөзекте бір тонна көмір алу үшін жұрт өлуге де дайын, – деп жазды Instagram-дағы видеоның астындағы жазбада.

Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Сарыөзек кентіндегі көмір базаларының бірінің аумағында орын алған видеоны байқап, құқық бұзушылық фактісі анықталғанын атап өтті. Видеода әйелдің қауіпсіздік шараларын елемей, жұмыс істеп тұрған экскаватордың ковышына шығып кеткен сәті түсірілген.

Экскаватордың 47 жастағы жүргізушісі анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593-бабының 1-бөлігі (Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде көзделген талаптарды орындамау) бойынша жауапкершілікке тартылғанын атап өтеміз. Сондай-ақ, алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтардың қайталанбауы үшін көмір базасының иесімен және жұмысшыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: