Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс Байқоңырдан "Союз-2" зымырандарын ұшыру туралы келісімді қарайды

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 18:46 Ж.Құспанов
Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық келісімдерді қарайды.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2" типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруға қатысты келісімді, сондай-ақ, екі ел арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына байланысты заң жобалары бар.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша түзетулерді және Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын II оқылымда қарамақ.

Сонымен қатар, Палата Бюро отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алуды көздейді. Олар: рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелеріне қатысты, сондай-ақ, сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері туралы заң жобалары.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 18:46

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: