Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс Үкіметтің бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарайды

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2021 19:25 Ж.Құспанов
Бірқатар заң жобаларын II оқылымда қарау ұсынылды.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар қарауына Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері ұсынылатын болады.

Бюро отырысында депутаттарға бірқатар заң жобаларын II оқылымда қарау ұсынылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, сондай-ақ, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар.

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын II оқылымда қарау көзделіп отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2021 19:25

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: