Шу шыққан "Алтын глобустан" Том Круз бас тартты

11 Мамыр 2021, 13:12
Сурет: liga.net

Атақты америкалық актер Том Круз "Алтын Глобус" сыйлығына қарсы наразылық акциясына қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Газета.ру" атап өткендей, актер осы күнге дейін иеленген барлық марапаттардан бас тарту туралы шешім қабылдаған.

Том Круз "Алтын глобус" жүлдесін 1990, 1997 және 2000 жылдары иеленді.

Скарлетт Йоханссон мен Марк Руффало бұған дейін "Алтын глобусты" ұйымдастырушыларға сын таққан.

Сонымен қатар Amazon және Netflix өкілдері де осы сипатта наразылық білдіріп, өз фильмдерін бұл сыйлыққа ұсынғандардың тізімінен алып тастады. 1944 жылдан бері актерлерге беріліп келе жатқан сыйлықты ұйымдастырушыларға наразылықтың басты себебі - нәсілшілдік пен қудалаушылық айыбы.

Голливуд жұлдыздары "Алтын глобус" қазылар алқасының 86 мүшесінің арасында бірде-бір афроамерикандықтың болмауына наразы.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?