Мектептегі теракт: 13 адам көз жұмып, 32-сі жарақаттанды

Подъем Подъем
Сондай-ақ, атыстан бөлек мектепте жарылыс болғандығы хабарланды.

Қазан қаласында (Татарстан) атыс болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ресейлік БАҚ пен телеграм-парақшаларда ақпарат тарады.

Екі белгісіз адам Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте оқ атып, атыс шығарды, деп жазады ТАСС.

Алдын ала ақпарат бойынша, белгісіз екі адам атыс шығарған. Жәбірленушілер бар, олардың саны мен мән-жайы әлі нақтылануда, деп хабарлайды агенттік. Атысқандардың бірі, алдын ала ақпарат бойынша, 19 жастағы жігіт. Ол ұсталды.

Life shot мәліметі бойынша, атыс кезінде 9 адам қаза тапты: 8 оқушы мен бір мұғалім. Қауіпсіздік күштері мектептің 4-қабатындағы қарулы екіншінің жолын кесті.

Атыс басталған кезде балалар терезелерден секірген. Екі мектеп оқушысы үшінші қабаттағы терезеден секіріп, мерт болған, деп хабарланды.

Барлық балалар №175 гимназиядан эвакуацияланып, екі балабақшаға орналастырылды. ОМОН бастауыш мектеп оқушыларын ата-аналарына табыстады. База хабарлағандай, жарақат алған балалар саны 12-ге жетті. Оның төртеуі жансақтау бөлімінде, барлығында оқ жарақаттары бар.

Сондай-ақ, атыстан бөлек мектепте жарылыс болғандығы хабарланды.

REN TV-нің хабарлауынша, Қазандағы мектепте болған атыс салдарынан қаза тапқандардың саны 13-ке жетті. 32 адам жарақат алды, деп жазады KП.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз