Құлсарыда жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болды: екі адам көз жұмып, 14 адам зардап шекті

Өрт, жарылыс, Атырау облысы, Құлсары, қайғылы оқиға, газ құю бекеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2025 20:20 Сурет: куәгерлер түсірген
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында жанар-жағармай құю бекеті территориясында жарылыс болып, өрт бұрқ етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  112 шұғыл байланыс желісіне Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы Махамбет Өтемісұлы даңғылы бойында газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, жақын маңдағы үш бір қабатты құрылым, газ құю стансалары және оның артындағы екі қабатты ғимарат өртке оранғаны туралы хабарлама келіп түсті. 


"Оқиға орнынан бірден 60 адамнан және 10 техника бірлігінен тұратын ТЖД мен МЕӨҚҚ күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта алапат өртті сөндіру және газ таситын цистернаны суыту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар өрт ошақтарын оқшаулау және қауіпті аймақтан адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, 14 адам зардап шекті, олардың екеуі қайтыс болды. Өрт шалған аудан мен оның шығу себептері анықталуда", делінген хабарламада.

Бастапқыда бес адам зардап шеккені хабарланған еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: