Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте баланың басына киілген кастрөл шешілмей қойған

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 21:53 otyrar.kz
Операция сәтті аяқталды, қыз бала зардап шеккен жоқ.

Шымкентте төтеншеліктер басына кастрөл киіліп, шешілмей қойған 1,5 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық төтенше жағдай департаментіне 10 мамырда күндізгі сағат 12:40-та шұғыл қоңырау түсті. Ата-анасының айтуынша, 1,5 жасар бүлдіршін кастрөлмен ойнап жүріп, ыдыс басына киіліп қалған. Қанша жерден өздері шешпек болғанымен, одан нәтиже шықпаған соң құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болады.

Бас құтқарушы К.Нұсқабаевтың жетекшілігімен құрамында 4 маман бар құтқару тобы көрсетілген мекенжайға жетті. Бүлдіршін жарақат алмаған, бірақ басын ұстатпай жылай береді. Құтқарушылар келген кезде балақай жылағаннан шаршап, ұйықтап кетіпті.

Құтқарушылар өсімдік майын жағып, ақырын қимылмен 15 минуттың ішінде бүлдіршіннің басынан кастрөлді шешіп алды. Операция сәтті аяқталды, қыз бала зардап шеккен жоқ.

Осыған орай төтенше жағдай департаментінің мамандары ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: